Аузы күйген әйел күйеуінен күмәнданып өмір сүруден жалыққанын айтты

Опубликовано:

4 жыл отбасылық өмірдің оты мен суына төтеп беріп келе жатқан келіншек жарын қызғанып, үнемі оны тексеріп жүретінін сөз етті. Оның айтуынша, өзіне адал күйеуінен күмәндануына бұған дейінгі сөйлескен жігіттер себепші болған деп хабарлайды zhenskaya_blogika-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Кейіпкер күйеуін жолықтырмай тұрып өмірінде 2 жігіттің болғанын алға тартты.

Айтуынша, екеуі де бойжеткеннің көзіне шөп салып, сатқындық жасаған. Азаматтардан әбден көңілі қалған ол енді заңды жұбайына да сенімсіздікпен қарайтынын сөз етті.

"Тұрмысқа шыққаныма 4 жылдың жүзі болды, балаларымыз жоқ. Күйеуіммен қосылмай тұрып 2 жігітпен жүрген едім. Екеуі де көзіме шөп салып, содан кейін ер адамдарға деген сенімімді жоғалттым.
Қазіргі күйеуім де кезінде бұрынғы қызымен опасыздық жасағандықтан айырылысқанын айтты. Жұбайымның сөзінше, ол сүйген қыз оған емес, басқалардың өзіне сеніп, аралары ажырапты", - дейді ол өз сөзінде.

Келіншек күйеуінің өзіне адал екенін біле тұра оны тексеретінін сөз етті. Күмәнмен өмір сүруден жалыққан әйел көпшіліктен кеңес сұрады.

"Осы күнге дейін күйеуімді басқа біреумен ұстап алған емеспін, маған сатқындық та жасаған жоқ. Бірақ үнемі қызғанып жүремін.
Кіммен сөйлесіп, жазысқанын тексеремін. Ұялы телефонында тек ер азаматтардың нөмірі тұрады. Мұндай жағдайда не істесе болады?
Мүмкін бір нәрсемен айналысу керек шығар", - деп ақыл сұрады келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816163-auzy-kjgen-kelinsek-kjeuinen-kmndanyp-mir-sruden-zalykkanyn-sz-etti/