Кәсіпкерлерді бопсалаған: ҰҚК Нұр-Сұлтанда қылмыстық топты ұстады (фото)

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті этникалық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесті. Ол бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі мен жүйелі түрде ақша бопсалаумен айналысқ деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі: UGC

10 қыркүйек күні елордада арнайы операция өткізілді. Оның барысында қылмыстық топтың көшбасшысы мен мүшелері кәсіпкерден "Toyota" маркалы автокөлігін алғаннан кейін ұсталды.

Құрықтау кезінде олардан 11 оғы бар "Макаров" тапаншасы мен 5 оғы бар травматикалық тапанша тәркіленді.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі: UGC

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан ЖПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816189-ksipkerlerdi-bopsalagan-kk-nr-sltanda-kalmystyk-topty-stady-foto/