Атырауда дәрігерлер жаңа туған нәрестелердің өліміне күдіктелуде
Опубликовано:
Атырау облысында полицейлер ауруханадағы нәреселердің өліміне қатысты істі тергеуде. Күдікті ретінде дәрігерлер танылуда деп хабарлайды ATPress.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атырау облысының прокуроры Қанат Қабдоловтың көмекшісінің сөзінше, қазіргі уақытта полицейлер №3 қалалық аурухананың дәрігерлеріне қатысты тергеу жүргізуде.
Олар босанып жатып, кейіннен баласынан айырылып қалған әйел адамға көмек көрсету кезінде өздерінің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған деп күдіктелуде.
Іс облыс прокурорының бақылауында.
Бұдан бөлек, бес сәби өлімі тіркелген қалалық №4, №5 ауруханалардың қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізілуде.
Басылымның мәліметінше, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тағылған айыппен келіспейді. Қызметкерлер өздерін кінәлі санамайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816201-atyrauda-drigerler-zaa-tugan-nrestelerdi-limine-kdiktelude/