Денесін шұңқырда бетондаған: Атыраулық әйел өз күйеуін өлтірді деп айыпталуда
Опубликовано:
Атырауда өз күйеуін аяусыздықпен өлтірді деп күдіктелген азаматша сот алдына келді деп хабарлайды КТК.

Ер адамның денесі терең бетондалған шұңқырдан табылды.
Отырыста сотталушыдан жауап алынды. Өзін түсіруден бас тартқан келіншек салмақты әрі ұстамды болып отырды. Ол жанұялық өмірі жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Әйелдің сөзінше, жұбайымен арада кикілжің болғанымен ешқашан ауыр жанжалдарға ұласпаған.
Күдікті бұл қылмысқа қатысы бар екенін толығымен теріске шығарып отыр. Күйеуінің денесі тауық қораның астында қалай қалып қалғанын да білмейді. Қала тұрғыны аталған құрылысты жалдамалы жұмысшылар жасағанын алға тартып отыр.
Телеарнаның хабарлауынша, қылмыс ойда-жоқта ашылған. Ер азамат жоғалған соң алты жылдан кейін келіншектің жиен інісі байқаусызда мәйіттен құтылуға көмектескенін айтып қойған. Сотталушы сонда да күйеуінің қайда болғанынан бейхабармын дейді. Ол отағасы соғысқа аттанып кетуі мүмкін деп есептеп жүріпті.
Ал марқұмның туыстары бұл жағдайға келіндері кінәлі екеніне сенімді. Олардың пікірінше, аталған қылмысқа пәтер мәселесі себеп болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816280-denesin-skyrda-betondagan-atyraulyk-jel-z-kjeuin-ltirdi-dep-ajyptaluda/