Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық маман таяқ жейтін әйелдер күйеуінен неге кете алмайтынын айтты

Опубликовано:

Үнемі күйеуінен таяқ жеп, соққының астында қалатын әйелдер күйеуінен неге кете алмайды? Бұл сұраққа психотерапевт Жібек Жолдасова өз Facebook парақшасында жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Lori
Көрнекі фото: Lori: Facebook
"Қамқор балалар жасы 60-қа таяп қалған аналарын жетектеп келді. Аналары балалары тұрмақ, өзінің кім екенін білмейді. Қайда жұмыс істегенін ұмытқан, атын да жаза алмайды.
  • Деменцияның ауыр деңгейі. Бұл мәселелер 50 жастан басталған екен.

Балаларының айтуынша, әкелері өмір бойы әйелін ел алдында сабап, басын қабырғаға ұрып, тепкен. Ал аналары үндемепті, ешқайда арыз да жазбапты.

Енді МРТ әйелдің ми көлемі жартыдан көп көлемде кішірейіп кеткенін көрсетіп отыр.
  • Барлығы неге мұндай еркектерден кете алмайды деп сұрайды.
Ресейлік статистикаға сілтеме көрсетіп, жантүршігерлік санды тауып алдым. Мұндай еркектерден кетемін деп шешкен келіншектердің 60-75 пайызы ажал құшқан екен", - деді Жолдасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816333-nemi-taak-zejtin-jelder-kjeuinen-nege-kete-almajdy/

pixel