Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қылқындырды": Әкесінен бейәдеп сөз естуден шаршаған ару мұңын шақты

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде 17 жастағы бойжеткен әкесінің қол көтеріп, балағаттайтынын айтып жан сырын ақтарды. Ол анасының отбасылық жанжалға араша түспейтіндігін жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Кәмелет жасына толмаған ару сырын Instagram-дағы ushbu_hat тобында бөлісті.

Ол жасы 17-де екенін, жүрегі өте нәзік болғандықтан, сөз көтере алмай көзінен жас алатын кездері болатынын айтты.

"Соңғы кездері әкем маған түрлі бейәдеп сөздерді айтады. Өзім ешқайда қыдырмаймын. Жігіт атаулымен жүрмеймін. Клубқа барып көрмегеменмін. Кішкене бірнәрсені дұрыс айтпасам жаңағы (ред. ескертпе бейәдеп) сөздерді айтуға дайын тұрады", - деді бойжеткен.

Кейіпкер әкесінің қол жұмсап, қылқындырғанын да жасырмады. Арудың сөзінше, анасы осының барлығын біліп тұрып, араша түспейді екен.

"Ол мені қолдаудың орнына айдап салып отырады. Істемегенді істеген етіп шығарады. Анаммен бір рет сырласып көрмеппін. "Қызым не істеп жүрсің?", "Өміріңде не жаңалық?" деп ешқашан сұрамапты", - дейді кәмелет жасына толмаған ару.

Ол соңғы күндері өмірден түңіліп кеткенін жеткізді.

"Күнде түнде жылап аламын. Таңертең көзім ісіп оянамын. Соңғы уақытта өлгім келеді. Түнде "дәрі ішіп өле салсам ба" деген оймен күндеріп өтіп жатыр", - деген кейіпкер желі оқырмандарынан көмек сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816384-kylkyndyrdy-kesinen-bejdep-sz-estuden-sarsagan-aru-myn-sakty/

pixel