Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандағы жарылыс: ІІМ себебін айтты

Жарияланған күні:

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті төрағасы Владимир Беккер Түркістандағы жарылысқа не себеп болғанын айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Бұл туралы Беккер Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның сөзінше, Түркістандағы жарылыстан ешкім көз жұмған жоқ.

Ведомство басшысы 12 адам жарақат алғанын, олардың жетеуі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері екенін алға тартты.

"Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, үш полиция қызметкері мен екі қарапайым азамат зардап шекті. Оқиғаға газ тасымалдайтын көліктің жарылуы себеп болған. Қонақ үй 2016 жылы тұрғызылып, пайдалануға берілген. Жылыту жүйесіне, су ысыту жүйесіне онда газ құбырлары пайдаланылған.
Қонақ үйді газбен қамту үшін 5-6 метр жерде сыйымдылығы 2-3 текше метрлік газгольдер орнатылған. Бұл жерде құрылыс нормасы бұзылып тұр. Себебі, қонақ үй ғимараты мен газгольдердің аралығы – газгольдер жер үстінде тұрған жағдайда 40 метр болуы тиіс. Ал газгольдер жер астында тұрған жағдайда 15 метрлік аралық жетеді", - деді ол.

Владимир Беккер төтенше жағдайдар комитетінің қызметкерлері оқиға орнына бірден жеткенін, бірнеше адам зардап шеккенін айтты.

"Түркістан облысы өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасарының денесі 38 пайыз күйіп кеткен. Жігіттердің бірінің бұғанасы сынды. Қалғандарының денесі 10 пайыздық деңгейде күйген. Әрине, кәсіпкерлердің құрылыс нормасын, газ құрылғысын пайдалану ережесін бұзуы - өте жайсыз жағдай. Оқиғаның салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді. Қонақ үйде адам көп болған кезде мұндай жарылыс кез келген уақытта тіркелуі мүмкін еді", - деді ол.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетсек, Түркістанда қонақүй маңында жарылыс болып, арты өртке ұласты. Кейінірек оқыс оқиғаның видеосы желіде тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816481-trkistandagy-zarylys-iim-sebebin-ajtty/