Күрестен ел қоржынына алтын медальді сала алмаған Қорлан Жақанша көз жасына ерік берді
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен өтеп жатқан әлем чемпионатында Қорлан Жақанша Қазақстан қоржынына алғашқы күміс медальді салды. Алайда қазақстандықтар 20 жыл күткен алтынды еліне сыйлай алмаған балуан боз кілемде көз жасына ерік деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Грек-рим күресінен 55 келі салмақта өнер көрсететін 27 жастағы Қорлан Жақанша финалда өткен жылғы әлем чемпионы, 23 жастағы грузиялық Нугзари Цурцумиядан жеңіліс тапты.
Айта кетейік, күрстен 1999 жылдан бері алтын медель ешбір қазақстандық балуанға бұйырмай келеді.
Бүгін барша қазақстандықтың үміті күні кеше жартылай финалда қазіргі әлем чемпионы әзербайжандық Эльданиз Азизлиді тізе бүктіріп, финалға шыққан Қорлан Жақаншада болды.
Алайда алтын медаль бұл жолы да қазақстандық балуанға бұйырмады.
ҰОК-ның мәліметінше, бұл Қорлан Жақаншаның алғашқы әлем чемпионаты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816630-korlan-zakansa-kresten-lem-cempionatyny-kmis-zldegeri-atandy/