Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбектерге Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне көшу ұсынылды

Жарияланған күні:

Этникалық өзбектерге Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне көшу ұсынылды деп хабарлайды "Нұр Отан" партиясының Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Flickr
Көрнекі фото: Flickr: Depositphotos

Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан "Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында Түркістан облысында соңғы 4 жылда 881 отбасы немесе 3377 адам қоныс аударып, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіліп келеді.

Түркістан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев бастаған ақпараттық-насихаттық топ халық саны жоғары, әрі ең тығыз орналасқан Сайрам ауданы, Қарабұлақ елді-мекені тұрғындарымен кездесті.

Ол кездесу барысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына тоқталып, өзбек диаспорасын "Еңбек" бағдарламасын жүзеге асыруда белсенді болуға шақырды.

"Қарабұлақ - еліміздегі ең тұрғыны көп ауыл. Бұл ауылда 60 мыңнан астам xалық бар. Алайда биыл ауданнан солтүстікке бір отбасы ғана шыққан. Жобада солтүстікке барушылар үшін арнайы мал бағу мен егін салуға жер беріледі.
Өңірімізде 400 мыңнан астам шаруақор өзбек ағайындар тұрады. Олар осы бағдарламаны орындауға белсене қатысса, халық жұмыспен қамтылып, баспаналы болып, солтүстік жайнап, еліміздегі көптеген мәселелер шешімін табатын еді", - деді Бейсен Тәжібаев.

Өзбек этнос өкілдерінің арасында мұндай стратегиялық маңызды кездесу алғаш өтіп отырғаны белгілі болды.

Соның нәтижесінде, 52 отбасы көшуге ниет білдірді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары жауапты басшыларға 210 мыңнан астам тұрғыны бар ауданның әрбір ауылында бағдарламаны тиімді түрде насихаттауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816727-zbekterge-kazakstanny-otstiginen-soltstigine-ksu-synyldy/