Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шамалғандағы жантүршігер апаттан соң оқиға орны қандай күйде? (фото, видео)

Опубликовано:

Кешегі адам шошырлық апаттан соң Шамалғанда қозғалысты реттеп тұрған полиция, үзілген полиция лентасы, жан-жаққа шашылған автобус орындықтары көрінеді. Өткел маңында жүк көліктердің үлкен кептелісі орын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысындағы апат орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде

"Ортада тұрып қалды": Куәгер Шамалғандағы апат қалай болғанын баяндады

"Айқайласаңыздар, көпір пайда болмайды": Аудан әкімі тұрғындармен тілдесті (видео)

Алматы-Астана бағытына қатынайтын негізгі жолда көлік өте көп. Әр түрлі өңірден келген көліктер осы жерден өтеді.

Жергілікті тұрғын Серіктің айтуынша, қоғамдық резонанс туғызбаған осындай жол апаты мұнда жиі болып тұрады.

"Автокөліктер қайда барады? Мұнда кептеліс күндізгі төрттен басталып, түнгі онға дейін болады. Өткелге кірген кезде пойыз келе жатса, шлагбаумды түсіреді де металлды кедергіні көтереді. Ешқайда жүре алмайды", - дейді Серік.
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Айтуынша, трагедия орын алған кезде ол үйінде болған.

"Сигналды естідім, пойыз ұзақ сигнал берді. Сосын қатты соққы. Мен осында келдім. Мұнда адамдардың айқай-шуы. Менің үш балам бар. Шамалғандағы мектепте оқиды. Автобус келіп оларды әкетеді және тура осы жолмен өтеді. Кеше жексенбі болып, балалар мектепке бармағаны дұрыс болды", - дейді ол.

Сұрастырған тұрғындардың бәрі өткел тұрған орынға көпір немесе жолайрық керегін айтты.

Мәселе тек ұзын-сонар көлік кептелісінде ғана емес, тіпті, жаяу жүргіншілер де өте алмайды екен.

Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Көліктерге пойыз келе жатқанынан бірнеше минут бұрын хабар беретін шлагбаум мен семафор бар.

Ал, жаяу жүргіншілерге станация қызметкері ысқырып, "пойыз" деп айқайлап, ескертеді. Адамдарға рельстің және шпалдың үстімен жүруге тур келеді.

Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Рельстің үстімен кішкентай оқушылар да, балалы аналар да, қарттар да өтеді.

"Қызым жұмыста, мен үйде болдым. Маған өте қорқыныштьы видео жіберді. Автобус бүгін таңертеңнен жүрді. Мен бұл жолмен күнде жүремін. Көпір керек, қаншама көлік бар, олар сағаттап кептелісте тұрады. Адамдар өтеді. Неге бәрінің көздері жабық, түсінбеймін.
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
Өткен жылы құлаққаппен өткен қызды пойыз қағып кетті. Бірнеше уақыттан кейін ер адамды екіге бөліп тастады", - дейді жергілікті тұрғын Татьяна.
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816765-samalgandagy-zantrsiger-apattan-so-okiga-orny-kandaj-kjde-foto-video/

pixel