Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шамалғандағы апат: Пойыз жүргізушісі қалай адам өмірін сақтап қалмақ болды?

Жарияланған күні:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Роман Скляр жолда қалып қойған автобусқа қарай келе жатқанын білген кездегі пойыз жүргізушісінің іс-әрекеті жайлы әңгімеледі. Ол шұғыл түрде тоқтамақ болған, алайда қолдан ештеңе келмеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Тағы оқыңыздар:

"Айқайласаңыздар, көпір пайда болмайды": Аудан әкімі тұрғындармен тілдесті (видео)>>

Алматы облысындағы апат орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде>>

"Адамдар маңызды": Автобус жүргізушісінің жолаушыларды түсіргені белгілі болды>>

"Пойыз 2 434 метрге жақындаған кезде өткелдегі сигнал беру құрылғылары автоматты түрде іске қосылды. Дыбыстық сигнал қосылды, бағдаршамдарда қызыл түс жанып, шлагбаум өткелде тұрған көліктердің салдарынан соңына дейін түскен жоқ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автобус жүргізушісі өткелге шығып, бөгеліп қалғандықтан өткелде тоқтап қалған.

Сағатына 97 км жылдамдықпен жүрген пойыздың жүргізуші 500 метр қалған кезде шұғыл түрде тоқтамақ болған. Алайда жолаушылар автобусымен соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады.

"Тежегіш жолдың 712 метр нормативі негізінде жүргізуші тежегіш жолды 671 метрге дейін қысқарта алды. Шұғыл тежеуді қолданған сәттен бастап пойыз толық тоқтағанға дейінгі ара қашықтық дәл осындай болды", - деп түсіндірді Скляр

Министр жантүршігерлік апатқа кінәлілер жайлы алдын ала нұсқаларды атамады.

"Өткелдің өзінде болған жағдайға қатысты қылмыстық іс шеңберінде тергеу жүргізілетін болады. Тергеу органдары жауап береді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816771-samalgandagy-apat-pojyz-zrgizusisi-kalaj-adam-mirin-saktap-kalmak-boldy/