Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына қола медаль түсті

Опубликовано:

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды. 52 келіде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов ел қоржынына қола жүлдені салған деп хабарлайды Olympic.kz.

Сәкен Бибосынов. Фото: Sports.kz
Сәкен Бибосынов. Фото: Sports.kz: Instagram

Сәкен Бибосынов жартылай финалда үндістандық Амит Пангалмен кездескен болатын.

Айта кетейік, үнді боксшысы – Азия чемпионы әрі 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.

Дегенмен, қазақстандық боксшы тәжірибелі қарсыласынан қаймыққан жоқ. Үш раунд бойы үндістандыққа біраз соққы дарытқан Сәкенге сәл ғана тәжірибе жетпей қалған.

Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті үнді боксшысына берді.

Осылайша, Сәкен Бибосынов алғаш рет қатысып отырған әлем чемпионатының қола жүлдесін қанжығасына байлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817960-sken-bibosynov-bokstan-lem-cempionatyny-kola-zldegeri-atandy/