Әлем чемпионатында бағы жанбаған Ильин үздік ондыққа да кіре алмады
Опубликовано:
Таиландта өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық спортшы Илья Ильин жарыс жолына шықты. Әйгілі зілтемірші әлем біріншілігін 13-ші орынмен аяқтады деп хабарлайды Prosports.kz.

96 келіде сынға түскен Ильин қоссайыста 363 келіні бағындырды (168+195).
Бұл ұпай отандық зілтеміршіні бар болғаны 13-ші орынға ғана жайғастырған.
Айта кетерлігі, биылғы Азия біріншілігінде Ильин 5-ші орын алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818589-lem-cempionatynda-bagy-zanbagan-ilin-zdik-ondykka-da-kire-almady/