Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамауға алынған алматылық дәрігердің әріптестері министрден көмек сұрайды

Опубликовано:

Павлодар облысының фармецевтер, дәрішілер, дәрігерлер қауымдастығы Алматы ПД басшысы Серік Күдебаевтың ұлының қайтыс болуына байлансты қамалған № 4 клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевты қорғауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қанат Тезекбаев. Фото: ok.ru
Қанат Тезекбаев. Фото: ok.ru: Twitter

NUR.KZ редакциясына Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жазған дәрігерлердің хаты келіп түсті.

"Біз, Павлодар облысының Дәрігерлер, фармецевтер, дәрішілер қауымдастығының мүшелері Сізден 34 жылдық еңбек жолында мыңдаған қазақстандықтың өмірін құтқарып, бірнеше марапатқа ие болған, жоғары санатты дәрігер Тезекбаев Қанат Марденұлын қолдап, қорғауыңызды сұраймыз", - деп жазды медиктер.

Хатта Алатау ауданы прокурорының орынбасары, Полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы - Нұрсұлтан Күдебаевты өліміне кінәлі деген айып тағылғаны айтылған.

Тезекбаевты өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағандықтан, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырды деп айыптауда.

"Қанат Марденұлының әріптестері, көптеген науқастары және таныстары оның науқастарды емдеу барысында міндетіне салғырт қарап, орындамауы туралы ойға жол бермейді...
Сізден Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі ретінде, мәселенің заңды әрі әділ шешілуі үшін бас әріппен жазылатын кәсіби-дәрігер Қанат Марденұлының жағына шығуыңызды сұраймыз", - делінген хатта.

Естеріңізге салсақ, №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың қамалғаны белгілі болған еді. Бүгін тағы да екі ай мерзімге аталған аурухананың тағы бір дәрігері Асқар Тұңғышбаевтың темір торға тоғытылғаны хабарланды.

Екеуіне де қызметіне салғырттық танытқан деген айып тағылуда.

Медиктер полиция департаментінің басшысы Серік Күдекбаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған.

Бас дәрігердің жары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істің әділ тергелмеуінен қауіптеніп, өз бақылауына алуын өтінген еді.

Төменде медиктердің министрге жазғаны хатын жарияладық.

Медиктер жазған хат
Медиктер жазған хат: Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818709-kamauga-alyngan-almatylyk-drigerdi-riptesteri-ministrden-kmek-srajdy/

pixel