Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баласы намыстан жылаған": Дана Нұржігіт бес баласы бар медбикені елге үлгі етті (видео)

Опубликовано:

Қазақстан Парламенті сенатының депутаты атанған отандық танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт Instagam-дағы парақшасында көпбалалы аналардың мәселесіне қатысты пост жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутат бес баланы тәрбиелеп отырған медбикенің тұрмыс-тіршілігін көпшілікке үлгі етті.

"Кеше ойда жоқта танысқан Мақпал Сүлейменованың 5 баласының біреуі менің ұлыммен жасты екен. Мектепте мұғалім: "Сен көпбалалы отбасыдан екенсің, сендерге киім, тамақ, жалпы, көмек керек пе, айт!" десе, үйге жылап келіпті.
"Анашым, біз сізге көмек керек деп айттық па, мектеп бізге киім, тамақ береміз деп жатыр. Керек емес деңіз! Бізде бәрі бар. Ұят болады", -деп намыстанып жылапты бала. Ол неге осыншама намысшыл? Өйткені ата-анасы намысшыл! Бәрі үйдегі тәрбиеден", – дейді Дана Нұржігіт.

Сенатордың жазуынша, Мақпал Сүлейменованың Нұр-Сұлтан қаласына көшкеніне 1 жыл болыпты.

Бес баланың анасы медбике болып қызмет атқарады. Негізгі жұмысынан бөлек, қосымша кішкентай балаларға массаж жасап табыс табады екен.

Мақпалдың айтуынша, жұмыс істеймін деген адамға "екі қолға бір күрек" қашан да табылады.

"Содан соң намыс жібермейді. Өзім жетпеген армандарға балаларым қол жеткізсін деп жолдасымыз екеуміз еңбектеніп жүрміз", – дейді көпбалалы ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818795-balasy-namystan-zylagan-dana-nrzigit-bes-balasy-bar-medbikeni-elge-lgi-etti-video/

pixel