Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бір апта бұрын жоғалған келіншектің денесі таудан табылды

Опубликовано:

Алматы облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен Сәбина Әбдуәлиеваның денесі таудан табылды. Оны өлтірді деген күдікпен екі азамат ұсталды. Ең басты күдікті – Қаскелеңдегі тату салонының 22 жастағы қызметкері. Қазір екеуі де қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Видеодан кадр/КТК
Видеодан кадр/КТК: Instagram

Телеарна мәліметінше, 25 жастағы Сәбина Әбдуәлиева 24 қыркүйек күні таңертеңгі уақытта көлігімен үйден шыққаннан қайтып оралмаған.

Оның туыстары тез арада полицияға шағым түсіріпті.

Құзырлы орган өкілдері Әйтей ауылы маңынан келіншектің өртенген көлігін тапқан.

Содан кейін, жедел-іздестіру барысында қолға түскен екі күдікті қыздың мәйітін көмген жерін көрсеткен.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстарының болған жағдайға байланысты пікір білдірмеген.

Ұсталғандардың бұндай қылмысқа не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Күдікті жертөредегі тату салонында жұмыс істеген істеген. Полицейлердің айтуынша, Сәбинаны сол жерде өлтірген көрінеді.

Қазіргі уақытта екі күдікті де қамауда. Болған оқиғаға қатысты сот сараптамасы жасалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында мәлім болады.

Телеарнаның мәліметінше, Сәбинаның артында екі баласы қалған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819667-almaty-oblysynda-bir-apta-bryn-zogalyp-ketken-kelinsekti-denesi-taudan-tabyldy/

pixel