"Бәрі қирап жатыр": Көлгінов Нұр-Сұлтандағы жаңа үйлердің сиқын көрсетті (фото)
Опубликовано:
Алтай Көлгінов "Nur Otan" партиясының жиналысында астанадағы жаңа тұрғын үй кешендерінің шын мәнінде қандай жағдайда тұрғандарын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Салынғанына көп уақыт өтпеген кейбір жаңа үйлердің түрі мынандай. Олардың қасбеті қирауда, кіреберістерді жөндеу қажет, аулалар әлі күнге дейін абаттандырылмаған", – деді Алтай Көлгінов.
Нұр-Сұлтан әкімі баяндама жасау кезінде қаладағы тұрғын үйлердің суреттерін көрсетті.

"Міне, біздің аулалар қандай, үйдің қасбетін қараңыздар – тұрғындардың әкімдікке шағымдануы түсінікті жайт.
Қазір күз болды – жаңбыр мезгілі, бұл жағдайдың барлығы тұрғындарға қолайсыздық тудырады. Құрылыс салушылар үйді тұрғызды да кетті. Бұрынғы жұмысты аяқтамастан, ақша табу үшін жаңа нысандар іздеп кетті", – деді ол.
Жиналысқа қирай бастаған нысандардың салушылары да қатысқанын айта кету керек. Алтай Көлгінов оларды қатаң сынға алып, келесі айда барлық кемшіліктерді жоюға тапсырма берді.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819792-bri-kirap-zatyr-klginov-nr-sltandagy-zaa-jlerdi-sikyn-krsetti-foto/