Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфондар қашан қайтарылуы мүмкін?

Опубликовано:

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнында смартфон пайдалануға қатысты тыйымды алып тастау жөніндегі бастама қазір мақұлдауда жатқанын жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Original

Оның айтуынша, бұл мәселені ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан қарастыру керек.

"Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс мақсатында интернетті кеңінен пайдалануы үшін портативті электрондық құрылғыларды қолдану бойынша нормативтік-құқықтық шектеулерді азайтуға бағытталған шаралар қабылданады", – дейді Анар Жайылғанова.

Ол аталған нормативтік-құқықтық актінің мемлекеттік органдардың мақұлдауында жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819827-memlekettik-kyzmetkerlerge-smartfondar-kasan-kajtaryluy-mmkin/

pixel