Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жергілікті полиция қызметінің жеке құрамымен кездесу өтті

Опубликовано:

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы Мирлан Мұхамбетов Ақтөбе облысы бойынша жергілікті полиция қызметінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамымен кездесу өткізілді
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Кездесудің өткізілуіне негіз болған – бұған дейін орын алған патрульдік полиция батальонының қызметкеріне қатысты «пара алу» түріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылығы болып табылады.

Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамымен кездесу өткізілді
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Шара барысында Жергілікті полиция қызметінің басшылығына Департамент өкілдерімен ҚР ҚПК 200-бабы аясында қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыным енгізілді.

Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамымен кездесу өткізілді
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Сонмен қатар, өңірдегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бүгінгі жетістіктері жөнінде баяндама жасалды.

Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамымен кездесу өткізілді
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Шара соңында, Департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов қоғамға қауіпті мас күйінде көлікті басқарған жүргізушіні тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартқан, кейін жүргізуші ұсынған сыйақыдан бас тартып, тиісті органдарға хабарлаған полиция аға сержанты Асет Зайнуллинге алғыс хатын табыстады.

Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамымен кездесу өткізілді
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Аталған рәсім өзінің парасаттылығы мен қызметке адалдығын көрсеткен полиция қызметкерлерінің барша әріптестері мен басшылығының назарында өткізілді.

Алғыс хатта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгі тұтарлық мінез-құлық стандартын көрсетіп, өрескел заңбұзушылықтың алдын алғаны үшін алғыс жарияланады!» - деп көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819987-aktbe-oblysynda-zergilikti-policia-kyzmetini-zeke-kramymen-kezdesu-tti/

pixel