Қазақстанда бірінші қарашадан бастап мекенжай анықтамалары жойылады

Опубликовано:

Қазақстанда мекенжай анықтамалары 2019 жылдың 1-қарашасынан бастап болмайды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева хабарлады деп жазады ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: egov.kz
Фото: egov.kz: UGC

Балташеваның сөзінше, мекенжай анықтамасын алу - ең танымал қызметтің түрі.

"1 қарашадан бастап бұл мекенжай анықтамасын алып тастаймыз. Ол енді болмайды", - деп атап өтті Әсемгүл Балташева.

Ол барлық жүйелердің интеграцияланғанын, сондықтан бұл құжатты енді алудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

"Мекенжай анықтамасы - бұл тек бастамасы. Осындай анықтамалардың қазір 28-і кезекте тұр(...). Сол кезде біздің өміріміз әлдеқайда жеңіл болады", - дейді басқарма төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, жақында осы мәселе ІІМ-де көтерілген еді. Ведомство қазақстандықтарға енді ХҚКО-на барып, мекенжай анықтамасын аудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Себебі ақпарат барлық мемлекеттік органдардың базасында бар.

Министрліктің мәліметінше, жыл сайын республика тұрғындары осындай 10 млн-нан астам анықтама сұрайды екен.

Жыл басында сандық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев елдегі мекенжай анықтамаларын жою қажеттілігі туралы айтқан еді.

Саясаткер қазақстандықтардың оған не үшін өз уақытын жұмсауы тиіс екенін түсінбеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819988-kazakstanda-birinsi-karasadan-bastap-mekenzaj-anyktamalary-zojylady/