Алматы облысында жас жігіт 13 жастағы туысқанын зорлады деп айыпталуда
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда полицейлер кәмелет жасқа толмаған туысқанын зорлады деген күдікке ілінген жігітті құрықтады. Қылмыс фактісі Алматы облысында тіркелді деп хабарлайды өңірдің ПД сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, жаздың басында Қарасай ауданының тұрғыны өзінің 13 жастағы қызын туысы зорлағанын хабарлады.
"Оны қыз ауруханаға түскен кезде дәрігерлер анықтады, - деп атап өтті полиция.
Құқық қорғаушылар "кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жасалған зорлық-зомбылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қылмыстық іске күдікті ер адам жасырынып үлгерген. Ол мемлекет аралық іздестіруде.
Белгілі болғандай, соңғы төрт айда ол Нұр-Сұлтандағы жалдамалы пәтерлердәі бірінде жасырынып жүрген. Сол жерде оны тәртіп сақшылары ұстап алды. Жақын арада ер адам Алматы облысына жіберілуі тиіс.
Тергеу жалғасуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820196-almaty-oblysynda-zas-zigit-13-zastagy-tuyskanyn-zorlady-dep-ajyptaluda/