Түркістан облысында жүкті әйел полиция көлігінде босанып қалды (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысында жүкті келіншек полицейлердің қызметтік көлігінде босанып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Оқиға 3 қазан күні кешкісін орын алды.

Кентау қаласы орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан Үшқайық ауылдық округінің тұрғыны әйелінің толғағы қысқан сәтте жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалып, түсе алмаған соң полицейлерден көмек сұраған.

Қоңырау бойынша мекенжайға дереу келіп жеткен тәртіп сақшылары Үшқайық ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрбол Темірханұлы мен полиция капитаны Бақтыбай Қалабаевқа қызметтік көлікпен ер кісі мен жүкті келіншекті перзентханаға жеткізіп салмақ болады.

Алайда толғағы қатты қысқан келіншек перзентханаға жетпестен Түркістанның кіре-берісінде полиция көлігінде босанып қалды.

Көп ұзамай онда жедел жәрдем бригадасы келіп, келіншек пен жаңа туған сәбиді перзентханаға алып кетті.

Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы жақсы. 

Екінші рет әке атанған тұрғын полицейлерге алғысын жаудырды.

"Біздің кішкентай ғана ұлымыз полицейлердің көмегімен жарық дүние есігін ашты. Егер олар біздің ауылға жетіп үлгермегенде әйелім мен ұлыма не боларын тіпті білмеймін.Тәртіп сақшыларына үлкен алғысымды білдіремін.
Шыны керек, бұған дейін учаскелік полицейлер ауылымызды аралап, қажет болған жағдайда қоңырау шалыңыздар деп өздерінің байланыс нөмерлерін қалдырған болатын. Міне, соның көмегі тиді", - деді тұрғын Виталия Барабаш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820383-trkistan-oblysynda-zkti-jel-policia-kliginde-bosanyp-kaldy-foto/