Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туыс ағасына тұрмысқа шыққан келіншек өз шешіміне еш өкінбейтінін ашып айтты

Опубликовано:

Туыс ағасына тұрмысқа шығып, үлгілі келін атанған келіншек көпке жан сырын ақтарды. Бастапқыда ата-аналары қарсы болып, олардың келісімінсіз отау құрған екі жас арадағы кедергілерге қарамастан бүгінде бақыттымыз дейді. Бұл туралы alashainasy.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Өзінің мұңын басылымға шаққан әйел адам бастапқыда жары екеуінің арасында біраз қиындықтар болғанын алға тартты.

"Мен өзімнің алыс туысқаным болып келетін адамға тұрмысқа шыққанмын. Жеті атадан асқан. Ол екеуміз бірге оқыдық.
Студент кезімізден жасырын кездестік. Ең қиыны - ол жасырын кездесу еді. Екеуміз бір-біріміздің есімімізді басқаша жазып қоятын едік...Аға қарындас немесе жақын достар сияқты жүретінбіз.

Шыны керек, талай күндерім жылаумен өткен. Бірақ ол әскерден келген соң маған ештеңеге қарамай-ақ үйленеміз деді. Ең бастысы, жеті атадан асқанбыз, қанымыз бір емес деді. Бірақ ата-анамыз батасын бермеген. Міне, сол кезде бір-бірімізден бас тарту қиынға соққан.

Ол Алматыда әскерде борышын өтеп келген кездер еді. Солай 6 жылымыз өте шықты. Солай ата-анамыз келіспеген соң бірге Алматыға кетіп қалдық.... Біраз қиыншылық та көрдік. Кей кездерде өкінген күндерім де болды. Ренжіскен күндеріміз де көп болды", - деп әңгімесін бастаған келіншек.

Ол арадағы қиындықтарға қарамастан, жолдасы екеуі отбасын сақтап қалғанын айтқан.

"Бірақ,ең бастысы бір бірімізді тастап кетпедік...Елдің де айтпағаны жоқ. Бірақ жолдасым ондайға мән бермеді. Кейін екі жылдай ата-анамызға қатынаспадық...Әрине қиынға соқты. Кейін өздері шақырып баталарын берді.

Қазір қарап отырсам ақыры шын сүйсе бәріне жетуге болады. Қазір өз қыздарындай көріп кетті, бір әулеттің келімін. Екі жақ бір ымыраға келді. Бірақ той жасамадық.

Тек құдалық өткіздік... Ең бастысы сүйген адамыммен біргемін...Қазір жолдасым екеуміз бақыттымыз. Бұрыңғы көрген қиыншылығымызды еске алып күліп те, кейде жылап та аламыз. Жақында бұйырып жатса ұлды болармыз.

Ең бастысы, сенім, сезім, шынайылық. Сондықтан қыздар, шын ұнатсаңдар сезімдеріңізді жеткізіңіздер", - деп әңгімесін аяқтаған келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820428-tuys-agasyna-trmyska-sykkan-kelinsek-z-sesimine-es-kinbejtinin-asyp-ajtty/

pixel