Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Далада қалатын түрім бар": Арыста үйлері әлі жөнделмеген тұрғындар жанайқайын айтты

Опубликовано:

Арыста құрылысы​ бітпек түгілі, әлі басталмаған​ үйлер де бар болып шықты. Себебі, үй иелерінің бірқатары жөндеу жұмыстарының түрімен келіспей отыр деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Original

Арыстық қария Мұхтар Досжановтың үйіне жарылыс әжептеуір зақым келтірген. Түркістан облысына тиесілі секторда орналасқан баспанасына жауаптылар алғашында күрделі жөндеуден өткізіп береміз деген. Алайда 63 жастағы тұрғын онымен келіспепті.

Мұхтар Досжанов. Фото: KAZ.NUR.KZ
Мұхтар Досжанов. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Соломенный" (сабан) кірпіштің өзі үгітіліп тұр. Арнайы тормен бір-біріне жалғап береміз дейді. Кепілдік қанша жылға беріледі десем, үш жыл екен. Сонда мен үш жылдан соң оларды қайдан табамын? Үйім жолдың бойында. Жүк көліктері ары-бері өткен сайын қимылдап тұр. Қазірдің өзінде қабырғалары үгітіліп жатыр. Шатырды да, басқасын да алып тастады. Тек қаңқасы қалды қазір",- деді ашынған қария.
Мұхтар Досжановтың үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ
Мұхтар Досжановтың үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мұхтар Досжановтың үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ
Мұхтар Досжановтың үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Егер үйімді қайта салып бермесе, қыстың қақаған суығында балаларым, немерелеріммен далада қалатын түрім бар",- деп ашуға булықты ол.
Мұхтар Досжановтың үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ
Мұхтар Досжановтың үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мұхтар Досжановтың үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ
Мұхтар Досжановтың үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ал 70 жастағы Серік Өтешовтың үйі Нұр-Сұлтан қаласына берілген секторда орналасқан. Құрылысты жүргізуге келгендер оның үйін алғашында ағымдағы жөндеуден өткіземіз деген. Алайда үйдің төбесін ашқан қара жұмысшылар ондағы жағдайды көріп жұмысты жүргізуден бас тартыпты.

Серік Өтешов. Фото: KAZ.NUR.KZ
Серік Өтешов. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Олар "Ертең біздің басымыз дауға қалады. Ағымдағы жөндеуге жарамайды үйіңіз" деп кетіп қалды. Қайта имандары бар екен. Ал Нұр-Сұлтан секторының жауаптылары болса, тыңдағысы жоқ. Мен өзім талай жыл құрылыс саласында жұмыс еткенмін. Тіпті шыны керек, ертең шатырын ашса, үйім құлап қалуы да мүмкін",-деді ол.
Серік Өтешовтің үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ
Серік Өтешовтің үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Арыстық қос қарияның​ үйіне сейсмологиялық институттағылар сараптама жасап кетіпті. Енді олар сол соңғы қорытынды нәтижесін күтіп отыр.

Серік Өтешовтің үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ
Серік Өтешовтің үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ербол Ақтаев екі тұрғынның үйі сүрілмейді деп отыр. Себебі, соңғы сараптама қорытындысы солай шығыпты. Ал әзірге тұрғындарға бұл туралы айтылмаған.

Серік Өтешовтің үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ
Серік Өтешовтің үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Арыста 23 үй иесі алғашқы сараптама қорытындысымен келіспей, жөндеу жұмыстарын бастауға рұқсат бермеген болатын. Қазақ құрылыс пен сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандарын шақыртқанбыз. Сіз айтып отырған екі үйге келсем, институт қорытындысымен сүрілуге жатпайтын болды. Бізге сондай қағаз берді. Ол екі үй де күрделі жөндеуден өткізіледі. Құрылысшылар дайын",-деді Арыс әкімінің орынбасары.
Серік Өтешовтің үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ
Серік Өтешовтің үйі. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Шенеуніктің сөзінше, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген сәтте тұрғындар әкімдік тарапынан берілген уақытша баспанамен қамтамасыз етілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820549-dalada-kalatyn-trim-bar-arysta-krylysy-li-bastalmagan-j-trgyndary-nazyn-bildirdi/

pixel