Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрамы екінші рет ауысты: "Алашұлы" тобының жаңа әншісі кім? (фото)

Опубликовано:

"Алашұлы" тобы жаңа солистін көпшілікке ресми түрде таныстырды. Әзімбек Байлиннің орнына Жургенов атындағы Өнер Академиясының түлегі Атаханов Берік келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы "Алашұлы" тобының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Алашұлы" тобының жаңа солисті мен жаңа бейнебаянының презентациясы болып өтті. Презентацияға БАҚ өкілдері мен топтың экс-солисттері Ұшқын Жамалбек пен Әзімбек Байлин, " Steppesons" тобы қатысты", - делінген хабарламада.

  • Атаханов Берік Мұратұлы - Түркістан облысы, Кентау қаласының тумасы.
Ол Түркістан облысындағы САЗ колледжінде музыкалық білім алып, Жургенов атындағы Өнер Академиясының түлегі атанған.

Осы уақытқа дейін Франция, Мәскеу жеріне қазақ өнерін танытып, "Астана мюзикл" театрында қызмет етті.

"Алашұлы" тобының тыңдалымында Берік өзгелерден оқ бойы оза шауып, көзге түскен.

Еске сала кетсек, "Алашұлы" тобының әншісі Әзімбек Байлин топтан кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Кейінірек, осыған байланысты Назгүл Қарабалина пікір білдірді.

"Алашұлының" продюсері Әзімбектің топтан неге шыққанын халыққа түсіндіріп берді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың наурызында "Алашұлы" тобынан Ұшқын Жамалбек те кеткен еді.

Әнші әрі композитор бүгінгі таңда өзінің жеке шығармашылығын қалыптастырып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820962-alasly-tobyny-zaa-nsisi-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel