Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана LRT" қаржысы ұрланды: Нұр-Сұлтан әкімдігінде тексеру жүріп жатыр

Опубликовано:

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана LRT" компаниясының қаржысын жымқыруға қатысы бар күдіктілерді анықтады. Оның ішінде Нұр-Сұлтан әкімдігінің басшылық құрамы да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Rezonans.kz
Фото: Rezonans.kz: Facebook

Жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында істің мән-жайын анықтау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін барлық шаралар жасалып жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. "Астана LRT" жобасына қатысты құжаттарға қол қоюға қатысы бар адамдарды анықтадық.

Біз әкімдік пен ЖШС қызметкерлерін тексеріп жатырмыз. Нақты шеңберді айқындап, айтып бере алмаймын. Бірақ барлық адамдар анықталу үстінде.

Оның ішінде әкімдіктің басшылық құрамы да бар. 10-нан астам адам тексерілуде.

Тергеу амалдарын аяқтаған соң, біз міндетті түрде ақпарат береміз. Осы жобаға қатысқан әр адамның жауапкершілік деңгейін анықтаймыз", - деді Сергей Перов.

Бұған дейін Сергей Перов "Астана LRT" жобасынан миллиондардың қалай ұрланғанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821427-astana-lrt-karzysy-rlandy-nr-sltan-kimdiginde-tekseru-zrip-zatyr/

pixel