200-ден астам қазақстандық мемлекеттік органдарға пара бергені үшін жазаланды

Опубликовано:

Брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілерге пара бергені үшін жауапқа тартылған 218 қазақстандықты жауапқа тартқанын хабарлады. Оларға 10-нан 60 миллион теңгеге дейін айыппұл салынған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілет берілген адамдарға пара бергені үшін 218 адам жауапқа тартылды. 107-сі сотталды.
9 адам 1 жылдан 7 жылға дейін, 5 адам - 1 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 93 адамға 10-нан 60 млн теңгеге дейін ауыр айыппұл салынды", - деді "Адалдық алаңы" республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Мирас Қарғабай.

Бүгінгі таңда Қазақстанда пара бергені үшін жарты миллиардқа жуық айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821446-200-den-astam-kazakstandyk-memlekettik-organdarga-para-bergeni-sin-zazalandy/