Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нидерланды елшілігі елорданың қақ ортасына ЛГБТ туын іліп қойды (фото)

Опубликовано:

Бүгін әлемде "Каминг-ауттың ұлттық күні" аталып өтіп жатыр. Осыған орай елорданың бизнес орталықтарының бірінде ЛГБТ жалауы желбіреп тұр деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: Facebook
"Бүгін, 11 қазанда әлем бойынша әрбір жанның өзінің ішкі болмысын сақтауға және еркін болуға деген құқығын атап өтіп отырмыз. Әлемдегі әр адамның, соның ішінде ЛГБТ-ның тең құқығы мен әлеуметтік мәртебесі болуы керек. Дискриминацияға жол берілмеуі қажет
Сол себепті бүгін таңғы сағат 9:00-де түрлі-түсті туды кішкентай болса да, тең құқықтың маңызды әрі оң символы деп көтеріп қойдық. Бұл бастамаға Еуропалық одақ мемлекеттерінің басқа да елшілері қолдау білдіріп, туды көтеру рәсіміне атсалысты", - деді елшілік қызметкерлері.

Орталықта Нидерландыдан бөлек, Германияның, Австрияның, Венгрия және Бельгияның, Ұлыбритания, Италия, Жапония және Францияның, Швейцария мен Хорватия мемлекеттерінің дипломатиялық корпусы орналасқан.

Айта кетейік, Америкада бұл мереке бүгін аталып өтеді. Осы мейрамның негізгі мақсаты - лесбияндар, гомосексуалдар, бисексуалдар мен трансгендерлердің құқықтарын қорғау. Бастапқыда каминг-аут күні тек АҚШ-та ғана тойланған. Бертін келе, ол шара әлем бойынша таралып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821673-niderlandy-elsiligi-elordany-kak-ortasyna-lgbt-tuyn-ilip-kojdy-foto/

pixel