Асанәлі Әшімовке сәлем салған ақтаулық келіндер көпті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Қазақтың майталман актері Асанәлі Әшімовке Ақтау қаласының келіндері бірінен соң бірі иіліп, сәлем берді. Ерекше видеомен актердің жары Бағдат Әшімова өзінің Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: Instagram

Видеодан келіндердің актерге бірінен соң бірі иіліп, сәлем беріп жатқанын анық көруге болады. Актердің жары аталмыш видеоға:

"Ақтау. Келіндердің сәлем салу сәті Аталарына. Алған баталарыңыз қабыл болсын. Керемет көрніс", - деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары ақтаулық келіндердің айрықша ықылас көрсеткеніне дән риза болған.

Олар "Өте әдемі", "Жарайсыздар", "Батыстың келіндері жарады, батасы қабыл болсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821746-asanli-simovke-slem-salgan-aktaulyk-kelinder-kpti-sjsintti-video/