Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фатима Жақыпованың диссертациясында нақты не "ұрлағаны" анықталды

Опубликовано:

Кандидаттық және докторлық диссертациялара плагиат белгілерін анықтайтын Ресейдің "Диссернет" желілік қағамдастығы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың ғылыми еңбегін тексерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фатима Жақыпова. Фото: ҚР Президенті жанындағы МБА баспасөз қызметі
Фатима Жақыпова. Фото: ҚР Президенті жанындағы МБА баспасөз қызметі: UGC

Фатима Жақыпова 2009 жылғы қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Постиндустриалды даму жағдайында қаржы конвергенциясының тұжырымдамалық негіздері" тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғаған болатын. Соның нәтижесінде оған экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

Алайда, белгілі болғандай, оның ғылыми жұмысынан плагиат белгілері анықталды.

"Диссернет" желілік қағамдастығы ұсынған сараптама нәтижелері төмендегі кестеде көрсетілген:

Скрин: dissernet.org
Скрин: dissernet.org: Twitter

Кестенің әр төртбұрышы тексерілген диссертацияның бір бетін көрсетеді.

Сұр түспен боялған беттер – диссертацияның тексеруге жатпайтын техникалық элементтері.

Басқа түсті беттер әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді көрсетеді. Осыдан қарап, "Диссернет" сарапшыларының шенеуніктің 258 беттен тұратын ғылыми еңбегінің 90 бетінде плагиат белгілерін анықтағанын байқауға болады.

Скрин: dissernet.org
Скрин: dissernet.org: Facebook

Ал боялмаған беттерден плагиат белгілері анықталмаған.

Сараптама нәтижесімен осы жерде толығырақ танысуға болады.

Еске сала кетейік, БҒМ басшысы орынбасарының диссертациялық жұмысынан плагиат белгілерін шетелдік StrikePlagiarism сараптама жүйесі де анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821753-fatima-zakypovany-dissertaciasynda-nakty-ne-rlagany-anyktaldy/

pixel