Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоңазытқышта көз жұмған сәби оқиғасы: Босану бөлімін жауып тастайды

Опубликовано:

Атырауда перзентхана тоңазытқышында қаза тапқан сәбидің өліміне қатысты істе жаңа мәліметтер пайда болды. Анықталғандай, аталмыш мекемеде дәрігерлердің мас күйде ота жасаған кездері болған. Оған қоса, қайғылы оқиға орын алған күні бас дәрігер саунада демалғаны белгілі болды деп хабарлайды «Астана» арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлеріне сілтеме жасаған басылымның мәлімдеуінше, перхентхананың бас дәрігерін үш сағат бойы іздестірген. Нәтижесінде оны саунадан тапты.

Анықталғандай, босану бөлімін уақытша жауып тастайды. Оған әйелдер үшін тиісті жағдайлардың жоқтығы себеп болған.

Сонымен қатар, телеарнаның хабарлауынша перзентханада санитарлық нормалар да сақталмайтын көрінеді. Желдету жүйесі бір жарым жылдан астам уақыт істен шықса, киім-кешектер лас қақпаларға кептіріледі.

"Ауада шаң мен инфекциялардың шоғырлануы өте көп. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, әкімдік пен сэс перинаталды орталықты уақытша жабу туралы шешім қабылданды. Барлығын емес. Заңбұзушылық орын алып жатқан бөлімді ғана" , - деді өңірлік жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басқармасында.

Автор: Я. Гладкова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821827-toazytkysta-kz-zmgan-sbi-okigasy-bosanu-blimin-zauyp-tastajdy/

pixel