Оралда сырт киімі жоқ науқас сырғытпамен далаға шығарылып тасталды (видео)
Опубликовано:
Оралда екі ер адам күзетшілердің ауруханадан науқасты сырғытпамен далаға шығарып жібергенін көріп, болған жайтты видеоға түсіріп алған. Сонымен қатар, куәгерлердің пікірінше қызметкерлер сырт киімсіз пациентті далада қалдырып кетпек болған деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Куәгер оқиғаны телефон камерасына түсіріп, бейнені редакцияға жіберді. Науқастың 53 жастағы Арман Досжанов екені анықталды.
Бейне авторының айтуынша, ол мас болмаған, тек әбіржіген. Басылым анықтағандай, қазіргі уақытта ер адам ауруханада, бас жарақатына шағымданған. Мүмкін, оны біреу ұрған.
Куәгерлердің айтуынша, ол таксистпен сөйлесіп тұрған кезде, күзетшілер біреудің киімін алып, оны қоршаудың жанында, жерге лақтырғанын көрген.
Содан кейін олар ер адамды сырғытпамен шығарған. Суық ауа райына қарамастан, науқастың үстінде тек футболка мен трико болды.
"Оны күзетшілер жерде жатқан киім жаққа апара жатты. Сол кезде мен олардың науқасты жерге тастап кетіп қалмақ болғанын түсіндім. Біз ұялы телефонымызды шығарып, күзетшілермен ұрсыса бастадық. Олар ер адамды ішке қайта кіргізді", - деді куәгер.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ведомство басшысы Нұрданат Беркінғали оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты.
Беркінғалидың айтуынша, науқасты көшеге шығаруға мәжбүр еткен адам ауыр жазаға тартылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821919-oralda-syrt-kiimi-zok-naukas-syrgytpamen-dalaga-sygarylyp-tastaldy-video/