Жол апатына түсіп, ұлы мен әкесінен айырылған футболшы есін жиды

Опубликовано:

Жантүршігерлік жол апатында әкесі мен ұлынан айырылған қазақстандық футболшы Илья Байтеряков есін жиды деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Илья Байтеряков. Фото: fc-altay.kz
Илья Байтеряков. Фото: fc-altay.kz: UGC

Семей-Өскемен тас жолындағы қорқынышты жол апатынан соң Байтеряков комаға түсіп қалған еді.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, спортшы есін жиған, алайда жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.

Апат кезінде Илья мидың, кеуденің, иық буынының, сондай-ақ омыртқа жарақатын алған.

Ол әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетейік, футболшының көлігі өткен демалыс күндері апатқа ұшыраған болатын. Автокөлік ішінде оның бүкіл отбасы: ата-анасы, жұбайы және екі баласы болған. Байтеряковтың әкесі мен кіші ұлы көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822044-zol-apatyna-tsip-ly-men-kesinen-ajyrylgan-futbolsy-esin-zidy/