Түркістанда балабақша меңгерушісі пара алды деген күдікке ілінді (видео)
Опубликовано:
Түркістан облысындағы балабақша меңгерушісі пара алу бойынша күдіктелуде деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің ақпарынша, "Қобыланды бөбекжай балабақшасы" МКҚК меңгерушісі 200 мың теңге көліменде заңсыз сыйақы алды деген күдікке ілінді.
Болжам бойынша, ол бұл ақшаны біреуді балабақшаға тәрбиеші қызметіне қабылдау үшін алған.
Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктінің кінәсі жөнінде шешімді сот қабылдайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822049-trkistanda-balabaksa-megerusisi-para-aldy-degen-kdikke-ilindi-video/