Алматыға қашан жылу беріледі
Опубликовано:
15 қазанда Алматыға жылу беріледі деп оңтүстік астананың әкімдігінде уәде берді. Бұл туралы Қазақпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгін кешке дейін қала бойынша барлық тұрғын үйлерге жылу беріледі", - деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматыда 15 қазанда ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822244-almatyga-kasan-zylu-beriledi/