Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсік тастау қаупі бар: Жүкті кезде кофе ішуге болмайды

Опубликовано:

АҚШ-тың Ұлтық денсаулық сақтау институтының ғалымдары аяғы ауыр әйелдерге мүлдем кофе ішуге болмайтынына сенімді. Мамандар осы тақырыпқа ғылыми зерттеу жасап, кофені тұтыну - түсік тастауға әкеледі деген шешімге келген деп жазады Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Ғалымдар бала тууды жоспарлаған 1200-ден астам әйелге зерттеу жүргізіпті. Олардың қанындағы кофеинді анықтап, құрамында осындай заты бар азық-түлікті қаншалықты тұтынантынын сұраған. Сөйтіп, зерттеушілер осы әйелдердің әрі қарай жүктілігі қалай боларын бақылаған.

Белгілі болғандай, күніне бір шыныаяқ кофе ішсеңіз нәрестенің салмағы аз болуы қаупі туындаған. Ал екі шыныаяқ кофе ішудің салдары түсік тастаумен аяқталады екен. Ғалымдардың сөзінше, кофе әсіресе, жүктіліктің алғашқы сегіз аптасында аса қауіпті.

Ғылыми зерттеудің авторлары болашақ аналардан кофенің жағымсыз әсерін қан қысымы мен жүрек қағысының жоғарылауынан аңғаруға болатынын мәлімдеген.

Зерттеушілер жүктілікке дейін құрамында кофеині бар заттарды тұтынудан бас тарту керегін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822450-tsik-tastau-kaupi-bar-zkti-kezde-kofe-isuge-bolmajdy/

pixel