Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеде темекі шегуге бола ма: ІІМ жауап берді

Опубликовано:

Қазақстандықтарға қай жерде темекі шегуге болатыны және көшеде темекі шеккені үшін қандай жаза қолданылатыны туралы Ішкі істер министрлігі айтып берді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Басылымның ресми сауалына жауап берген ведомство темекі шегуге тыйым салынған орындар "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" заңның 159-бабында көрсетілгенін атап өтті.

Осылайша, білім беру, кәмелетке толмағандардың демалуына арналған және денсаулық сақтау мекемелерінде, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында темекі шегуге тыйым салынған.

Сондай-ақ бұл тізімге кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерттік және көрме залдары, спорттық ареналар мен жаппай демалуға арналған басқа да жабық ғимараттар, соның ішінде түнгі клубтар да кіреді.

Бұдан бөлек, мұражайларда, кітапханаларда, дәрісханаларда, сондай-ақ үй кіреберістері және теңіз бен өзен кемелерінің белгіленбеген жерлерінде темекі шегуге қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар, ұшақ, қоғамдық көлік және такси жолаушыларына жол жүру кезінде темекі шегуге болмайды.

Темекі шегуге тыйым салынған орындар қатарына әуежай, теміржол мен авто вокзалдар, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараты, жұмыс орны болып табылатын жерлер мен үй кіреберісі жатады.

Қорғаушы Жангелді Сүлейменов бұл мәселдеге байланысты егжей-тегжейлі түсінік беріп, көшеде темекіні сөндіруді талап еткен тәртіп сақшыларының өзі құқық бұзушыларға айналатынын атап өтті.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкері көшеде, болмаса аялдамада темекіні тастауды талап еткен жағдайда, кез-келген қазақстандық өз құқығын қорғай алады.

Қорғаушы заңнамаға сәйкес, көшенің темекі шегуге тыйым салынбаған орын екенін айтып, темекі шегетін азаматтарға сол заңға сүйенуге болатынын атап көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822492-ksede-temeki-seguge-bola-ma-iim-zauap-berdi/

pixel