Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда таксистер жүргізуші куәлігінсіз жолаушылар тасымалдаған (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда екі такси жүргізушісі ұсталды. Олар жүргізуші куәлігі болмаса да жолаушыларды тасымалдаған. Полиция мыңға жуық жол ережелерін бұзу оқиғасын анықтады деп жазады елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Тәртіп сақшылары "Автобус" ЖЖҚ-ны қала көшелерінде осы жылдың 10-қазанынан бастаған. Осы уақыт ішінде полиция мыңға жуық жол ережесінің бұзылуын анықтапты.

Жол ережесін бұзушылар қатарына такси жүргізушілері де кірген. Олар тиісті құжаттарсыз көлікті тізгіндеп, жолаушылар тасымалы ережелерін бұзған, тиісті рұқсатсыз өз автокөліктерін қайта жабдықтандырып, рөлге жүргізуші куәлігінсіз отырған.

Жеті такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Екі автокөлік айып тұрағына кіргізілді. Бұл көліктердің иесі бүған дейін такси жүргізу құқығынан айырылса да, жолаушылар тасымалымен айналысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822532-nr-sltanda-taksister-zrgizusi-kuliginsiz-zolausylar-tasmaldagan-video/

pixel