Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда бұзақылар жауынгерлер мүсінін қиратып кетті

Опубликовано:

Павлодардағы әскери даңқ саябағына қойылған жауынгерлер мүсіндерін бұзақылар қиратып тастаған. Бірақ ешкім арызданбаған соң бұзақыларды ешкім іздеп те жатқан жоқ деп хабарлайды Астана арнасы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ұлы Отан соғысында қаза болған сарбаздарға арналған ескерткіш 2011 жылы ашылған. Мүсіннің қолында граната, дүрбі, мылтық секілді қарулары болды. Алайда, бұзақылар мұның барлығын сындырып, жауынгердің қолындағы қаруды жұлып алып, үйіне алып кеткен жағдайлар да болған екен.

Мұражай жетекшісі Рустам Тыштықовтың сөзінше, мүсіндерді саябаққа келген балалар қиратқан.

Ол сондай-ақ, мұндай іс-әрекетті ата-аналардың жауапсыздығы деп отыр. Айтуынша, балалар мүсіннің үстіне шығып ойнаған, ал шыны пластмассадан жасалған жануынгерлер ауыр салмаққа шыдамай сынған.

"Кейде жасөспірімдер сарбаздардың мойынан шығып, ойнап, селфи жасайды. Бұл жағдайда мен үнемі ескерту жасайтынмын. Бірақ, бәрін бірдей бақылау мүмкін емес. Бұзақылар мүсіндерді сындырып ғана қоймай, түрлі жазулар да жазып кеткен. Саябақ аумағында бейнекамера қойылғанмен, ол да істен шыққан. Саябаққа жеке күзет те қойылмаған", - дейді әскери даңқ мұражайының жетекшісі.

"Кіші формалардың жағдайы, саябақты күту мәселесін облыстық мәдениет, тілдерді дамту мен архив ісі басқармасы таныс. Себебі, аумақта Әскери даңқ музейі орналасқан. Аталмыш музейммен жергілікті полиция қызметіне аумағына бейне камераларды орнату, полициялық пост құру бойынша хаттар жолданған болатын.

Бір қызығы бұл аумақ қараусыз қалған. Мәдениет басқармасындағылар бұған қалалық ТҮКШ  жауапты десе, жергілікті билік саябақ "балансымызға жатпайды",- деп жазбаша жауап қатты. Полиция мүсіндердің бүлінгеніне қатысты арыз түспегенін айтты. Дегенмен тұрғындар саябақтың сақталғанын қалайды. 

Десе де, әкімдік тарихи орын болғандықтан, бүгінен бастап мүсіндерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетіндігін  хабарлады. Болашақта паркті өз қарауына алып,  абаттандыру жұмыстарын да жүргізуді жоспарлап отыр", - Павлодар облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Самал Сәменова.

Дереккөз: Астана арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822781-pavlodarda-bzakylar-skeri-dak-saabagynda-kojylgan-zauyngerler-msinderin-kiratyp-ketti/

pixel