Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда автобус аударылып, 20 адам зардап шекті (фото, видео)

Опубликовано:

Бүгін 16:00 шамасында Қарағанды қаласының орталығында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, cоның салдарынан 20 адам ауруханаға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Автобус бір жанына қарай аударылып қалған. Куәгерлер жолаушыларды терезеден, автобустың төбесіндегі люк арқылы шығарып алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметі жәбірленушілерді Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығына жеткізді.

Жолаушылардың жағдайы әр түрлі екені анықталды.

Арасында жеңіл жарақат алғандардан бастап сынық жарақатын алғанға дейін бар.

"Тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеуде. Жол ережесін кімнің бұзғаны анықталуда", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822947-karagandyda-kogamdyk-klik-audarylyp-20-adam-zardap-sekti-foto-video/

pixel