12 градус аяз: Ақмола облысында екі адамның денесі табылды
Опубликовано:
Ақмола облысында көшелерден екі адам өлі күйінде табылды. Олардың бірі Щучинск, екіншісі Степногорск қаласының тұрғыны деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, Щучинск қаласындағы автобус аялдамасының жанынан табылған тұрғының денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Өлімнің алдын-ала себебі - ағза салқын тию.
Сол түні Степногорск қаласынан тұрғылықты мекен-жайы болмаған тағы бір ер адам табылған.
Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Алдын ала болжам бойынша, оған да салқын тиген.
Айта кетейік, Ақмола облысында соңғы күндері ауа температурасы 12 градусқа аязға дейін төмендеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823416-12-gradus-aaz-akmola-oblysynda-eki-adamny-denesi-tabyldy/