Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жасырынбақ ойнаған балақайды 300 адам жарты күн іздеген

Опубликовано:

Шымкентте достарымен жасырынбақ ойнаған бала елді дүрліктірді. Өзі секілді балалардан тығылған балақайды соңында 300-дей адам алты сағат сағат іздеген деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Оқиға балалар арасындағы ойыннан басталған.

Сегіз жасар жасөспірім көрші балалардан тығылыпты. Ал оны іздеп таба алмаған жеткіншектер тарап кетіп, кешкі сағат сегізде ата-анасы шарқ ұрып іздей бастайды.

Аяқтан тозған олар арада екі сағат өткенде полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді.

Көрші-қолаң, тәртіп сақшылары – 300-ге жуық адам аяқтан тозып іздеп жүрсе, бала есік алдында тұрған қораптың астында ұйықтап жатыпты.

Бірнеше сағат бойы жеңіл киіммен жатқан бала тоңып қалыпты. Тоңып әрі қорқып қалғаны болмаса, балақай дін аман.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823814-symkentte-zarysynbak-ojnagan-balakajdy-300-adam-zarty-kn-izdegen/

pixel