Түркістан облысында 13 жастағы жеткіншек іздестіріліп жатыр (фото)
Опубликовано:
Түркістан облысының полицейлері қазақстандықтарға үндеу жолдады. Олар із-түзсіз жоғалған 13 жастағы Дияр Мұхамединді іздеуге көмектесуді сұрады. Бұл туралы өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мектеп оқушысының жоғалғаны туралы оның анасы хабарлаған. 13 жастағы Дияр 7- сыныпта оқиды.
"2019 жылдың 21 қазанында күндіз 13 сағат шамасында Мақтаарал ауданы Атакент қаласында Дияр белгісіз бағытта кетіп, қайта оралмаған.
Кәмелетке толмаған баланың белгілері: Бойы 160-165 см, қара шашты, қара көзді, арықша келген. Сұр түсті суреті бар қара спорттық киімде болған, қара шалбар және қара туфли киген", - делінген полиция хабарламасында.
Түркістан облысы полицейлері із-түзсіз жоғалған жеткіншек туралы кез келген ақпарат білетін куәгерлер мен облыс тұрғындарынан 8-725-32-3-03-68, 8-725-32-3-06-59 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823815-trkistan-oblysynda-13-zastagy-zetkinsek-izdestirilip-zatyr-foto/