Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Альварестің бапкері: 2020 жылы "Канело" Головкинмен кездесуі ықтимал

Опубликовано:

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо "Канелоның" келесі жылдың мамырындағы айқасқа шығуы ықтимал қарсыластардың тізіміне қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкинді қосты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы The Athletic беделді инсайдері Лэнс Пагмайр Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Эдди Рейносо "Канелоның" мамырда өтетін жекпе-жегіне бірнеше боксшының қарсылас ретінде қарастырылып жатқанын айтты. Бұл тізімге Геннадий Головкинді қосқан, сондай-ақ олардың арасында Джермалла Чарло мен Билли Джо Сондерс бар. Бұдан бөлек, ол "Канело" жеңіске жетіп жатса, Бетербиевпен қолғап түйістіруге қарсы еместігін мәлім етті", - деді ол.

Еске сала кетсек, украиналық Сергей Деревянченконы жеңгеннен кейін Геннадий Головкин IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қайтарып алды.

Бұдан бұрын DAZN вице-президенті Джо Марковски мәлімдегендей, "Канело" мен GGG-дің үшінші жекпе-жегі туралы келіссөздер Альварестің 2 қарашаға жоспарланған Сергей Ковалевпен кездесуінен кейін басталады.

Егер тараптар келісімге келсе, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 2020 жылы өтуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823872-alvaresti-bapkeri-2020-zyly-kanelo-golovkinmen-kezdesui-yktimal/

pixel