Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамның құқығы жайлы түсіндірген бастауыш сыныптың кітабы қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде бастауыш сыныпқа арналған "Дүниетану" оқулығындағы олқылықтардың фотосы жарияланды. Желі қолданушылары бастауыш балаларына "құқық, міндет, жауапкершілікті" түсіндіруге әлі ерте екенін айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Фото Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында жарияланған.

"Дүниетану сабағы бойынша балаларға құқық, міндет және жауапкешілік туралы айтып жатыр. Бұны балаларға түсіндіру өте қиын, ерте әлі. 5 - 9 сыныптарға түсіндірсе болады. Жарайды жалпы дамыту үшін болса бола берсін. Бірақ баладан осыны айтып беруді талап ету және оны бағалау бұл опасыздық", - деп жазған автор.

Ал парақша оқырмандары бұл екінші сыныптың оқулығы екенін жарыса жазуда. Олардың айтуларынша, бастауыш баласына мұны түсіну - өте қиын.

"Екінші сынып кітабы, түсіндіру өте қиын болады", "Оқушыларға обал", "Барлық пәндер күлкілі", "Қазіргі бағдарлама қиын, бала түгілі біз түсінбей жатамыз", - десті оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824050-adamny-kkygy-zajly-tsindirgen-bastauys-synypty-kitaby-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel