Серік Ахметов мерзімінен бұрын босату өтініші бойынша сот отырысына келді (фото)
Опубликовано:
Төрт бап бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылып, бір жарым жылдан кейін түрмеден бостандығы шектеліп босап шыққан елдің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов аудандық сотқа келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысы Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №1 сотында басталды.
Еске сала кетсек, сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотталған Серік Ахметов 23 қазанда шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен сотқа жүгінді.

Өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішінде бұрынғы шенеунік жазасын өтеу кезінде тәртіп бұзушылықтар жасамағанын атап көрсеткен.
Ол осы аралықта қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмағанын, өз қылмысымен мемлекетке келтірген шығынын толық мөлшерде өтегенін жеткізді.
Айта кетейік, 2015 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Серік Ахметовті жалпы режимдегі колонияда 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Кейін Абай аудандық соты бұрынғы шенеуніктің жазасын өтеу мерзімін 1 жыл 7 айға қысқартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824092-serik-ahmetov-merziminen-bryn-bosatu-tinisi-bojynsa-sot-otyrysyna-keldi-foto/