Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокуратура Серік Ахметовтың босатылуына қарсы шықты

Опубликовано:

Елдің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтың өтініші қаралып жатқан Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотында прокуратура өкілі оның босатылуына қарсы шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Сотталушы Серік Нығметұлы Ахметов әлі түзелу жолына түспеді деп есептейміз. Ахметовтың ары қарай жазасын өтеуді қажет етпейтіні туралы деректер ұсынылған жоқ.
Келтірілген шығынды өтегені, жағымды мінездемесінің болуы туралы дәлелдер оның босатылуы үшін сөзсіз негіз бола алмайды", – деді прокурор.

Судья мәжіліс залына шығып кетті. Сот шешімді бүгін сағат 15:00-де хабарлауы қажет.

Прокурор Ахметовтың өтінішін нақты қандай себептермен қабылдамағанын журналистерге түсіндіруден бас тартты.

Прокурордан өтінішті қабылдамауының нақты себебін Серік Ахметов те сұраған болатын. Бірақ, прокурор оған да жауап қатпады.

Еске сала кетейік, 23 қазанда сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотталған елдің бұрынғы примьер-министрі Серік Ахметов өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен сотқа жүгінді.

Бүгін ол аталған өтініші қаралып жатқан Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотына келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824103-prokuratura-serik-ahmetovty-bosatyluyna-karsy-sykty/

pixel