Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе-Алматы" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында әйел адам босанды

Опубликовано:

"Ақтөбе-Алматы-1" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Шу жол телімінде дүниеге нәресте келді деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі: Depositphotos

Пойызда келе жатқан Алтынай Темір жол үстінде толғатып, жолсеріктер мен пойыздағы сапар шегіп бара жатқан жолаушы дәрігерлердің көмегімен аман есен босанды.

Ведомство мәліметінше, Отар стансасына келгенде оларды жедел жәрдем көлігі күтіп алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді.

"Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар – дәрігер Евгений Колопилов пен акушер Бейбіткүл Құмғанбаеваға және де вагон жолсерігі Руслан Байекешов пен пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке алғысын білдіреді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық тасымалдаушы ана мен балаға зор денсаулық тілейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824111-aktbe-almaty-bagytynda-katynajtyn-zolausylar-pojyzynda-jel-adam-bosandy/

pixel