БҚО-да жоғалған балалардың бірінің денесі Орал өзенінен табылды
Опубликовано:
Кеше кешке Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен екі баланың бірінің денесі бүгін таңғы 11-де Орал өзенінен табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 2014 жылы туған баланың табылғаны жөнінде БҚО полиция департаментінің бірлескен брифингінде мәлім болды.
Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасуда.
"Өзен балалар жоғалған тұрғын үйден бір шақырым жерде орналасқан", – деді БҚО ТЖД бөлімінің басшысы Максим Хайрекенов.
Іздеу жұмыстарына кинологтар, полиция мен ТЖД қызметкерлерінен және еркітілерден 200 шақты адам жұмылдырылған. ТЖД қызметінің дрондары арқылы іздеу жүргізілуде. Сондай-ақ екі техника бірлігі, оның ішінде жүзу құралы пайдаланылуда.
Брифингте айтылғандай, болжам бойынша, екінші бала да өзенде болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары 24 қазанда ағалы-інілі бес және екі жасар балалардың жоғалғанын хабарлап, полицияға жүгінген болатын.
Бүлдіршіндер сол күні шамамен 15:00-де Ақжайық ауданы Жанама ауылында көзден таса болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824135-bko-da-zogalgan-balalardy-birini-denesi-oral-zeninen-tabyldy/