Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілім түспес үшін": Серік Ахметов өзі жайлы пікірлерді оқымайтынын айтты

Опубликовано:

Бүгін Қарағанды сотында еліміздің экс-премьер-министрі Серік Ахметовтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қаралып жатыр. Сот отырысына қатысқан ол әлеуметтік желілер мен жаңалық сайттарында өзіне қатысты жазылған пікірлерді оқымайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

NUR.KZ тілшісі бұрынғы премьер-министрге әлеуметтік желілер мен ақпараттық сайттағы жаңалықтардың астында көптеген оқырмандар жақсы пікір қалдыратынын айтты.

Мұны естіген Серік Ахметов өте қуанышты екенін жеткізді.

"Мен өзім жайлы жаңалықтар оқимын. Бірақ, көңілім түсірмес үшін және қуанбас үшін мүлде пікірлерді оқымаймын",- деді Серік Ахметов.

Сондай-ақ, Ахметов азаматтардың желідегі пікірлері - "әлеуметтік сезімнің бейнесі" дейді.

Айта кетейік, бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов жемқорлыққа қатысты қылмыстары үшін 10 жылға сотталды, ал аппеляциялық сот мерзімді сегіз жылға қысқартты. Абай соты жаза мерзімінің бөлігін амнистия бойынша азайтты.

Одан кейін Ахметов жазасы өтелмеген төрт жылын бас бостандығынан шектеуге ауыстыру туралы өтініш тастады. Ол қанағаттандырылды.

Енді бұрынғы премьер-министр өзін мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш тастады. Прокуратура қарсылық білдіріп отыр, ал сот шешім сағат 15:00-де белгілі болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824146-kilim-tspes-sin-serik-ahmetov-zi-zajly-pikirlerdi-okymajtynyn-ajtty/

pixel